Объявления

Аудиторлық қызметтердің Тапсырыс берушісі «Өріктау Оперейтинг» ЖШС «Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының 27.12.2016ж. күнгі шешімімен (№46/16 хаттама) бекітілген «Самұрық-Қазына» АҚ және дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) 50 процентінен астамы «Самұрық-Қазына» АҚ тікелей немесе сенімгерлік құқығында тиесілі мекемелер үшін аудиторлық ұйымды таңдау ережелерін» (әрі қарай – Ережелер) басшылыққа ала отырып, төмендегі көлемде және шарттармен аудиторлық қызметтерді көрсететін аудит компаниясын таңдау рәсімін жариялайды:

1. Тапсырыс берушінің атауы мен мекен-жайы: «Өріктау Оперейтинг» ЖШС, Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 10, info@urikhtau.kz, тел.8 (7132) 74 41 14, 74 41 42.

2. Сатып алынатын аудиттің және онымен байланысты қызметтердің қысқаша сипаттамасы. Тапсырыс берушінің қаржылық есебі аудитін жүргізу бойынша халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына (одан әрі - ХҚЕС) және «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» ҚР Заңына сәйкес ҚР уәкілетті мемлекеттік органының нормативтік құқықтық актісімен бекітілген тізбеге сәйкес дайындалған аудиторлық қызметтерді ұсыну қажет.

3. Қызмет көрсету орны: «Өріктау Оперейтинг» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 10.

4. Сатып алынатын аудиттің және құны Қызметтің жалпы құнына енгізілген аудиторлық тексеру аясындағы ілеспе қызметтердің толық сипаттамасы басшылыққа жазылған хаттарда тиісті ұсынымдармен бірге құпиялылық туралы келісімге қол қойылғаннан кейін Қатысушылардың ресми өтініші бойынша ұсынылатын 2019-2021 жылдарға арналған «Өріктау Оперейтинг» ЖШС үшін аудит компаниясын таңдау рәсіміне қатысу өтінімінде (әрі қарай – таңдау рәсіміне қатысу өтінімі) беріледі.

5. Аудит компаниясының қызметін сатып алуға бөлінген сома ҚҚС қоспағанда 52 960 000 теңге, оның ішінде:

2019 жылға - 16 000 000 теңге;

2020 жылға - 17 600 000 теңге;

2021 жылға - 19 360 000 теңге.

6. Аудит компаниясын таңдау рәсіміне қатысу туралы өтінімнің көшірмесін ықтимал Қатысушылардың уәкілетті өкілдері электронды түрде немесе Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 10, t.nurlybayeva@urikhtau.kz, y.bektemir@urikhtau.kz тел.8 (7132) 74 41 42, 74 41 64, мекен-жайынан құпиялылық туралы келісімге қол қойғаннан кейін ала алады.

7. Таңдау рәсіміне қатысуға ниет білдірген ықтимал Қатысушы осы хабарландыруда көрсетілген мерзім ішінде және Таңдау рәсіміне қатысу туралы Өтінімде көрсетілген талаптарға сәйкес Қызметтерді ұсыну туралы ресми ұсыныс беруі тиіс.

8. Қатысушылардың ресми ұсыныстары Тапсырыс берушіге Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 10 мекен-жайына мөрленген конвертте ұсынылады. Ықтимал Қатысушылар немесе олардың уәкілетті өкілдері тарапынан ресми ұсыныстар әдейі келіп берілген жағдайда, ықтимал Қатысушылар немесе олардың уәкілетті өкілдері Қатысушының ресми ұсынысын ұсыну құқығын көрсететін сенімхатпен бірге жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін көрсетуі тиіс.

Ресми ұсыныстары бар конверттерді ұсынуды бастау мерзімі: 2019 жылғы 03 шілде.

Ресми ұсыныстары бар конверттерді ұсынуды аяқтау мерзімі: 2019 жылғы 18 шілде.