Қазақстан халқының әл-ауқаты үшін сыбайлас жемқорлықты жою

«Қазақстан халқының әл-ауқаты үшін сыбайлас жемқорлықты жою»  

2019 жылғы 28 қарашада Серіктестіктің мәжілісханасында Ақтөбе облысы бойынша Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің) Превенция және парасаттылық басқармасының бас маманы Н.Б. Махмұтовпен Серіктестік қызметкерлерінің кездесуі өтті.

Агенттіктің өкілі «Сыбайлас жемқорлықтың превенциясы – сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызсметінің негізгі векторы» тақырыбындағы танымдық-түсіндіру әңгімесін өткізді, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықты қабылдамайтын сананы қайта құру тетігі ретінде парасаттылық негізінде жұмыстың ұстанымдары туралы толық айтты.