You are currently viewing Тренировка

Жаттығудың мақсаты-қызметкерлердің өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету!

«Өріктау Оперейтинг» ЖШС кеңсесінде Мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің қатысуымен өрт болған жағдайда эвакуациялау бойынша жаттығу өткізілді. Қызметкерлер өрт дабылы іске қосылған кезде үй-жайлар мен ғимараттан өз бетінше эвакуациялау рәсімдерін пысықтады, барлық эвакуацияланғандарды есепке алу үшін аталған жерге жиналды. Сондай-ақ төтенше жағдайлардағы іс-қимылдар, эвакуациялау және құтқару әдістері, эвакуациялау маршруттары және ғимараттан шығу жолдары бойынша нұсқаулық, сондай-ақ өрт крандары мен өрт сөндіргіштердің орналасқан жерімен танысу өткізілді. МЖӘ қызметкерлері шартты өртті сөндіру бойынша рәсімдерді пысықтады және объектінің сипаттамаларын, сондай-ақ су көздерінің орналасуын зерделеді.