15 қазанда «Жаңа Қазақстан. Таза табиғат». «Өріктау Оперейтинг» ЖШС қызметкерлері акцияға өз үлестерін қосып, «Триатлон» саябағына қылқан жапырақты ағаштардың әртүрлі түрлерін отырғызды. Экологиялық акцияға облыстық және қалалық мәслихаттардың депутаттары, мемлекеттік қызметшілер, кәсіпорындар мен білім беру мекемелерінің басшылары да қосылды. Акцияның мақсаты-өңірлердің экологиялық жағдайын жақсартуда ел тұрғындарын біріктіру. Барлығы 300-ден астам адам 83 түрлі ағаш түрлерін отырғызуға қатысты. Серіктестік қызметкерлері отырғызған қылқан жапырақты ағаштар қызметкерлердің жеке қаражатына сатып алынып, Мәртөк ауданының питомнигінен және жеке орман шаруашылықтарынан әкелінді.
Сондай-ақ, серіктестік осы күндері Өріктау кен орнының аумағына 1000 қарағаш көшетін отырғызды. Көшеттер Темір ауданының питомнигінен сатып алынды. «Өріктау Оперейтинг» ЖШС қызметкерлері бұдан әрі осындай іс-шараларға қатысуға ниетті, сол арқылы облыстағы экологиялық жағдайды жақсарту бойынша өз үлестерін қосады.