You are currently viewing Сенбілік

Сенбілік-корпоративтік рухты көтерудің, ұжымды біріктірудің, психологиялық климатты жақсартудың тамаша тәсілі.

Сенбілік – бұл ең алдымен мереке-тазалық, тәртіп және жақсы көңіл-күй мерекесі.

30.09.23 ж. «Өріктау Оперейтинг» ЖШС қызметкерлері әдеттегі міндеттерін кейінге қалдырып, серіктестіктің Әбілқайыр хан даңғылындағы кеңсесінің айналасында сенбілік өткізді.

Барлығы 24 қап қоқыс жиналды.

Ашық ауада жұмыс істеу барлығына үлкен қуаныш пен рахат сыйлады.